Компания "Quatt"
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 ай
Толық жұмыспен қамту
Quatt - құрылыс дүкені. Атырау қаласы. Құрылыс материалдарын, сантехника, электрика, краска, т.б. ремонтқа қажетті материалдарды сату.
Ай сайын біздің клиенттеріміз көбеюде. Компаниямыздың қарқынды дамуына байланысты біз Сату жөніндегі мамандарды іздейміз.
Біз кімді іздейміз?
Сатуды жақсы көретін менеджер. Қандай салада болсын кемі 6 ай сату менеджері болып жұмыс жасаған 19-25 жас аралығындағы ер жігіттер. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген, сатуды, клиентпен қалай сөйлесу керектігін білетін, конфликтті жағдайларды басқарып, шеше алатын, сабырлы, шыншыл, адамдармен тез тіл табысып кете алатын қасиеттері (общительность) бар, адамдарды тыңдап, түсіне білетін, уақытты тиімді пайдалана білетін азаматтар қажет. Студенттер, әйел адамдар қарастырылмайды.
Сіздің міндеттеріңіз қандай?
1) Клиентке сапалы, жылдам қызмет көрсету
2) Клиенттерге консультация жасау, іздеген тауарларын табуларына көмектесу
3) Товарларды сату, кассаға ақша алып келу, клиентке чек беру
4) Жұмыс орнын тәртіпте сақтау, таза ұстау, ретке келтіру
(Тауарды шығару, витрина, полколарды реттеу)
5) Телефонға уақытылы жауап беру
6) Сату жоспарын және KPI орындау
7) Сатылып жатқан ассортимент бойынша әрдайым білім алып, өзін дамыту
Сізде қандай құралдар болады?
Кассовый апарат. Ыңғайлы және түсінікті кассалық аппарат. Өнімді сату барысын тездетуге, жеңілдетуге және қателіктер санын азайтуға көмегін береді. Іште қандай өнім бар және қанша мөлшерде бар екенін көру мүмкіндігі.
Жұмыс телефоны. Клиенттерге онлайн сатуға, курьер қызметін жіберуге көмектеседі.
Сіз не аласыз?
Іріктеу қалай өтеді?
Әрине, бұл орынға қалаушылар көп. Сондықтан біз мұқият және әділ іріктеуді өткіземіз. Алдымен топтық собеседованиеде сұрақ қою арқылы ең жақсы кандидаттарды таңдап, ақылы бейімделу кезеңінен өткіземіз, бұл мерзім аяқталғаннан кейін жақсы көрсеткіштер жасап, жоспарды орындау қажет. Тәжірибелі және мықты менеджерлер үшін бірнеше күн өз құзыреттілігін дәлелдеуге және стажировкадан бірден жақсы табысқа жетуге жеткілікті.
Егер Сіз сатудан қорықпасаңыз және біздің командаға қосылуға дайын болсаңыз, бос орынға батыл жауап берсеңіз болады
Тек айтқанды істеп жүретін роботтар қажет емес, нестандартно ойланатын, компанияның дамуына ой, үлес қосатын адамдар қажет.
Сізді біздің ұжымның бір бөлігі ретінде көруге қуаныштымыз!12 Января
"Атырау" бөлшек сатылымдар Басқармасының сатылымдар жөніндегі жетекші менеджері/ведущий менеджер УРП
Атырау
Компания "ForteBank" Обязанности: ForteBank дегеніміз не? күшті адамдар жиналатын орын; Қазақстанның ТОП-5 жетекші банктерінің...
Вакансия размещена в отрасли